Перейти к содержимому
← Жаңалықтар

2026 жылғы 25 қыркүйек

№1 педагогикалық кеңес өтті

Балабақшамызда «Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінің бағдарламалық міндеттерін игеруді жақсартуға мүмкіндік жасау» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңестің барысында 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланып, жылдық мақсат-міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар оқу жоспары, вариативтік бөлім, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің үлестірілуі, перспективалық жоспарлар, топтардың күн тәртібі және педагогтерді аттестаттауға қатысты мәселелер қарастырылды.

🌿 Жаңа оқу жылындағы басты бағыттардың бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, «Таза Қазақстан» және «Жасыл балабақша» бағыттарын тәрбие үдерісіне жүйелі енгізу.

Педагогикалық кеңес барысында тәжірибе алмасып, алдағы оқу жылына нақты міндеттер белгіленді.

✨ Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар, жаңа ізденістер мен жаңа жетістіктер жылы болсын!