Перейти к содержимому
← Новости

27 ноября 2026

«Дені саудың – жаны сау!»

Балабақшамызда Күншуақ тобының бүлдіршіндері арасында «Дені саудың – жаны сау!» атты көңілді спорттық жарыс өтті.

Жарыстың басты мақсаты – балалардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балғын бүлдіршіндер түрлі спорттық ойындар мен қызықты эстафеталарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Жарыс барысында көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынас ерекше байқалды.

Іс-шараны өткізген: музыка жетекшісі Мұстафа Т.Ж.

Спорт – денсаулық кепілі!

Дені сау ұрпақ – ел болашағы! ❤️